Сарыағашта 18 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті

888



Сарыағаш қаласында ауыр жүк көлік жүргізушісі 18 жасар қызды қағып кетті. Алған дене жарақатынан жаяу жүргінші жан тәсілім етті.

Қайғылы оқиға ақпан айының 24 күні орын алған. Алғашқыда зардап шегуші Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Сондай-ақ сот наркологиялық сараптамадан өткізу кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішпегені анықталған.

Аталған оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа  дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -