Өзбекстанда "коронавирустан адам өлгені туралы" жалған ақпарат таратқан азамат 30 тәулікке қамалды

389



Самарқанд облысының Пахтачы ауданында "көршім коронавирустан қаза болды" деп жалған ақпарат таратқан 43 жастағы жергілікті тұрғын 30 тәулікке қамауға алынды.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, 29 наурызда Пахтачы аудандық әкімшілік соты оны "Төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды" деген бап бойынша айыпты деп танып, 30 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сот материалдарына сәйкес, 25 наурызда айыпталушы әлеуметтік желі арқылы "коронавирус жұқтырып алған көршісі арақты көп ішіп өлгені" туралы ақпарат жариялаған.

26 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елдің Қылмыс, Қылмыстық-процессуалдық және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстерге өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойған.

Оған сәйкес, індет жайылып жатқан кезде жалған ақпарат таратқан адамдар 4,7 мың доллардан 9,4 мың долларға дейін айыппұл төлейді және 300-360 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады. Сонымен бірге үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.


CENTRAL ASIAN ©

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -