Қызылордалық полицейлер үшін психологиялық тренинг өткізілді

967


Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері әр кез қоғамдық орында халықтың тыныштығын сақтау, сонымен қатар қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында күндіз-түні күшейтілген кезекшілікте қызмет атқарады .

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении

       Осындай уақытта қызметкерлерімізге үнемі психологиялық қолдау көрсетуге дайын тұратын департаменттің психологтары патрульдік полиция батальонының  жеке құрамына қаңтар айының 10 күні психологиялық тренинг өткізді.

На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят, стол и в помещении

        Психологиялық қолдау тренингінің мақсаты: қызметкерлерге дер кезінде психологиялық денсаулығына көмек беру, бір-біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру, психологиялық қолдау көрсету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыру, қызметкерлер арасында психологиялық ахуал қалыптастыру болып табылады. 

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и ребенок

           Себебі, қызмет атқару барысында кездестіретін әр-түрлі  оқиға басындағы адамның психологиясына тікелей әсер ететін сан түрлі негативті, жағымсыз ситуациялық жағдайлар болып тұратыны белгілі. Күнделікті басынан өткеретін осындай жағдайлар, полиция қызметкерінің психикасына әсер ететіні сөзсіз. 

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят

        Психокоррекциялық және релакциялық жұмыстарда қызметкерлердің өздерін еркін ұстауға әртүрлі тақырыпта жаттығулар ұйымдастырылып, сонымен қатар тренинг уақытында тынығуға жағдай жасалды. 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -