Түркістан облысында заңсыз ойын кеңселерін бақылауда ұстаған ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды

428



Түркістан облысында нақты жоспарланған және жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ұзақ уақыт бойы Мақтарал және Жетісай аудандарының Өзбекстанмен шекаралас аумағында әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне шек қойылды. 

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Өңірлік экоомикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша қызметтің жолын кесті. Сондай-ақ, айналымға қылмыстық жолмен алынған қаражат тартылып, кейін «СтавкаБет» букмекерлік кеңсесінің реми желісі арқылы заңдастырылды. 

ҚР Ұлттық гвардиясының арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қолдауымен  жедел тергеу тобы қылмыстық топ мүшелерінің бақылауындағы 7 заңсыз ойын кеңселерінде  бір мезгілде тінту жүргізді. 

Тінту барысында ҰҚТ ұйымдастырушысының Шымкент қаласындағы үйінен 7 млн. АҚШ доллары мен 7 млрд. теңгенің мүлкін заңдастыру туралы жазбалар бар қойын дәптер табылып, тәркіленді.

Оған қоса, сот ҰҚТ ұйымдастырушысына тиесілі Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аумағында орналасқан 25 меншік нысанына (үй, мейрамхана, букмекерлік кеңселердің ойын залдары, жер телімдері, автокөліктер) тыйым салды. Сонымен қатар, ҰҚТ-ның басқа да белсенді мүшелеріне тиесілі  11 мүлік нысаны тәркіленді.


фото: montecarlosbm.com

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -