Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы тағайындалды

821

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Әділет министрінің келісуімен Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы болып Тимур Куатұлы Ермағамбетов тағайындалды.

ҚР Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Әмірғалиев Азамат Халимиденұлы Әділет департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Ермағамбетов Тимур 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді. 2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. 

2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік жергілікті  басқару  мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2005 жылы ішкі істер органдарынан бастады.

2011 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды (кеңесші-тіркеуші, жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы).

2014 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жұмысты ұйымдастыру басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінің Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінің ССО Қарағанды облысы Сот сараптамасы институтының директоры қызметін атқарды.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінде жұмыс істеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -