Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының бүгінгі өмірі

852



Наурыз айы Кино орталығының қызметкерлері мен іске асырылуы басталған жобалардың түсірілімін жүргізіп жатқан топтар үшін оқиғаларға толы болып, көптеген жоспарларды өзгертті.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жарияланған карантин кезеңінде Кино орталығы командасы қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысты. Жоспарланған кездесулер мен мәжілістер әдеттегі кестемен, бірақ онлайн режимде өткізілуде.

Бүгін біз сіздерге Кино орталығының наурыз айындағы ең қызықты жаңалықтарын дайындап қойдық.

Ең басты оқиға онлайн режиімнде өткізілген киножобалардың екінші питчингі болды. Сарапшылар кеңесі оған дейінгі 4 ай ішінде 223 өтінімді қараған болатын. Енді іріктеп алынған жобалар Ведомствоаралық комиссияға жіберіліп, комиссия мемлекет тарапынан қаржыландыруға үміткер фильмдердің ең соңғы тізімін бекітеді.

70-ші Берлин кинофестиваліне қатысып, Kazakh Сinema стенді алғаш рет көрмеге қойған Кино орталығы еліміздің кино өнерін беделді деген кино форумдары мен коно алаңдарына шығаруды жоспарлап отырған болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты карантин жариялануы салдарынан жуырда өткізілуі керек болған кинофестивальдер кейінге қалдырылды. Қазақстан бірнеше кино жобасын ұсынған Канн фестивалі де жоспарланған уақытында өткізілмейтіні белгілі болып отыр.

Сонымен қатар коронавирус пандемиясы мен Қазақстанда енгізілген ТЖ тәртібіне байланысты Кино орталығы қаржыландырып отырған бірқатар фильмдерді түсіру уақытша тоқтатылды, олардың қатарында Қанағат Мұстафиннің «Кажымукан» фильмі, Ақан Сатаевтың «Боксер» фильмі және Эмир Байғазиннің «Выбор» фильмі бар.

Дегенмен, оқшаулануға мәжбүр болғанына қарамастан, «ҰКҚМО» ҚЕАҚ төрайымы Гүлнар Сәрсенова бастаған Кино орталығының қызметкерлері орталықтың ең басты міндеті – қазақстандық киноны әлемге танытуға және көрермендердің мүдделерін ойлауға баса назар аударуда. Кино орталығының бастамасымен «КТК» телеарнасында наурыздың 28-інен бастап «Үйдегі сеанс» марафоны басталады. Әр демалыс сайын сағат 16:00-де және 17:00-де (ТВ-бағдарламаға қараңыз) эфирде соңғы 15 жыл ішінде түсірілген қазақстандық кинофильмдер көрсетілетін болады.

Карантин кезеңінде бос уақытты қолайлы әрі пайдамен өткізу үшін, Кино орталығының вебсайты мен әлеуметтік желі парақтарында қамсыз отырып көңіл көтеруге мүмкіндік беретін белсенді әрекеттер іріктеліп, қойылды. Естеріңізге сала кетейік, онлайн-кинотеатрлар мен киноплатформалар қазақстандық фильмдердің арнайы топтамасын ұсынып отыр. Сонымен, бүгінде үйде өткізіп жатқан каникулымыз – отандық кинематографқа баға беретін кезең болсын.


фото: Иконки

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -