Covid-19 Атырау мен Павлодарға да жетті. Елде 125 адамнан вирус табылды

561



Қазір Қазақстанда 125 адам коронавирус жұқтырды. 26 наурызда Covid-19 дертінен бір адам қайтыс болды. 25 наурызда екі адам дертінен айыққаны хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз 14:20-дағы дерегіне сай, Павлодар облысында бір адам коронавирус жұқтырды.

Елде қазір 125 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 48 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Атырау облысында үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Павлодар облысында - бір адам.

30 наурыз бен 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда меншік иесіне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтайды. Тек мемлекеттік органдар, әкімдік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау саласы ұйымдары, азық-түлік дүкендері, дәріхана, БАҚ қана жұмыс істейді. 27 наурызда төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Шараның мақсаты - коронавирустың таралуын тоқтату.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

Әлемде Covid-19 коронавирусы 550 мыңнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар 22 мыңнан асты. Вирус 190-нан астам елге тарады. 120 мыңнан астам адам дертінен айықты.


CENTRAL ASIAN ©

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -