Нұр-Сұлтанда карантин кезінде ереже бұзғандардың көліктерін айыппұл тұрағына алып кетеді

787



Нұр-Сұлтанда 31 наурыздан бастап карантин режимін бұзғандардың көліктерін айыппұл тұрағына алып кетеді. Қосымша 4 айыппұл тұрағы ашылды. Полиция қызметкерлері бақылауды күшейтті. Олар тәулік бойы қалада кезекшілік жұмыстарын атқарылып жатыр. Мобильді топтар, жаяу нарядтар жұмылдырылды. Өткізу-бақылау бекеттеріндегі жағдайды дрон арқылы қадағалап жатыр.

28 және 29 наурызда көшеге себепсіз шыққаны үшін 200-ге жуық тұрғын полицияға жеткізілді: 77 адамға айыппұл салынды, істердің бір бөлігі сотқа жіберілді. Жалпы 22-29 наурыз аралығында ТЖ режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 300-ден астам азамат тартылды, оның 75-і қамауға алынды. 200-ге жуық адамға айыппұл салынды. 2000-ға жуық тұрғынмен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ертеңнен бастап шаралар күшейтіледі. Жұмыс орнынан анықтама немесе үйден шығуға нақты себеп болмаған жағдайда тәртіпбұзушылардың машиналары айыппұл тұрағына жіберіледі. Тұрғындарға үйден тек жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға, сондай-ақ медициналық қызмет алуға және қызметіне рұқсат етілген жағдайда жұмысқа шығуға рұқсат.

Елордалық полицейлер тәртіпбұзушылар базасын толықтырмауға шақырады,"өзіңізге және жақындарыңызға қауіп төндірмеңіз, коронавирус инфекциясының таралуын алдын-алу қажет. Өзіңіздің және біздің уақытымызды бекер жұмсамаңыз - карантин ережелерін сақтау қажет".

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -