Атырау қаласының маңындағы тоғыз қабатты екі үй карантиндік стационарға беріледі

294

Инфекция жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға  480 пәтер дайындалған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
​​​​​​
Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Джанглишовтың айтуынша, бүгінде  «Береке» ықшамауданында 240 пәтерлік 10 көпқабатты  үй салынуда. Қазіргі  таңда үш үй қоныс аударуға толықтай дайын, ал,  бір көпқабатты үйде  апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындары қоныс аударған.

 - Дайын тұрған тағы екі үй бар. Дегенмен, аймақта коронавирустық инфекцияның таралуына орай  бұл үйлерді карантиндік стационарға беру  туралы шешім қабылданды. Бұл 240 пәтерден тұратын екі үй, барлығы 480 пәтер, - деді Ринат Джанглишов.


Қазіргі таңда тоғыз қабатты екі үйді  полиция  толығымен оқшаулаған,  онда жаппай дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Кейіннен дезинфекция жұмыстары күніне үш рет жасалатын болады.
Айта кетейік, карантиндік стационардың   тұрғындарға төндіретін  ешқандай қаупі жоқ.  Мұнда   дертке шалдыққан науқастармен ықтимал байланысы бар адамдар уақытша орналастырылады.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -