Перейти к основному содержанию
12 Февраля 2019  7

Б. Сағынтаев Ішкі істер министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

выв

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ішкі істер министрлігінің ұжымына бүгін Президент Жарлығымен тағайындалған жаңа министр — Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевты таныстырды.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев Қ. Қасымовтың атқарған нәтижелі еңбегіне алғыс білдіріп, Президент Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы жаңа жауапты қызметіне сәттілік тіледі. Қ. Қасымовтың ішкі істер министрі (2011 жылдан бастап) ретіндегі және жалпы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құрылымында атқарған қызметтеріндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласын қалыптастыру, күшейту және дамытуға қосқан елеулі үлесі аталып өтті.

Ведомствоның жаңа басшысын таныстыру барысында, Е. Тұрғымбаевтың ұзақ жылдар қатарынан құқық қорғау органдарында жұмыс істейтіні, сондай-ақ, 6 жылдан астам уақыт — ішкі істер министрінің орынбасары лауазымында еңбек етіп жатқаны аталып өтті. Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру аясында ведомствоға ауқымды міндеттер жүктеген. Ең алдымен, бұл — құқықтық тәртіпті қорғау және ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты міндеттер.

Е. Тұрғымбаев 1962 жылы Алматыда дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған. Әр жылдары Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында ІІМ аумақтық департаменттерінде жұмыс істеген, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментін, ҚР ІІМ Тергеу комитетін басқарған. 2012 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР ІІМ ішкі істер министрінің орынбасары лауазымын атқарған. 

Фото: primeminister.kz

primeminister.kz