Перейти к основному содержанию
10 Января 2019  17

Мұғалімдердің мерейін асырып, мәртебесін көтеретін заң қалай жазылуда?

Мұғалімдердің мерейін асырып, мәртебесін көтеретін заң қалай жазылуда?

Енді педагогикалық еңбек өтілі 30 жылға толған ұстаздар зейнетке шығуы мүмкін. Оған жоғарғы оқу орнында білім алған кезеңі де кіреді. Мұны  Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Кабимолдаева хабарлады. Оның айтуынша бұл ұсыныс барлық өңірлерден келіп түскен. Әрі ұзақ талқыланған. Тіпті көрші елдердің тәжірибесі де ескерілген. Сонымен қатар, «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заңының жобасында ұстаздардың еңбек демалысы 40 күннен 56 күнге ұзартылып,  ал үздіктеріне Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімдері атағын беру нормалары да енгізілуі ықтимал. Жалпы құжатты әзірлеу барысында 8 мыңнан астам ұсыныс түскен. 

Мұғалімдердің мерейін асырып, мәртебесін көтеретін заң қалай жазылуда? 

 

Atameken Business

Фото: Altaynews.kz