Перейти к основному содержанию
11 Января 2019  27

Сабақтан қалған оқушыға айыппұл салынады

Сабақтан қалған оқушыға айыппұл салынады

Мектепке бармаған оқушылардың ата-аналарына салынатын айыппұлға қатысты жауапты тұлғалар түсінік берді. Осыған дейін WhatsApp-тан тараған хабарламада білім және ғылым министрінің қаулысына сай, себепсіз сабақтан қалған балалардың ата-аналары 15 мың теңге көлемінде айыппұл өтейтіні айтылған еді. Ал ведомство өкілдері әкімшілік құқықбузышылық туралы кодексте мұндай жауапкершіліктің расымен қарастырылғанын нықтады. Яғни, кодектің 127-бабына сүйенсек, жеткіншектерін оқыту және тәрбиелеу ісіне немқұрайлы қараған заңды ата-аналары 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыпақы арқалайды. Биыл айлық көрсеткіштің 2 525 теңге екенін ескерсек, төлемнің соммасы 17 мың 675 теңге болады. Ал 1 жылда мұндай жағдай қайталанса, 15 тәулікке қамалады, оған қоса 50 мыңдай айыппұл төлейді. Білім ошағынан қашқақтайтын балалардың ата-аналарына қатысты іс сотта қаралады. Өтейтін айыппұлдары бюджетке түседі.

 

Atameken Business

Фото ашық көздерден алынған