Перейти к основному содержанию
11 Января 2019  7

Басты күдікті Денис Теннің өліміне қатысты мән-жайды айтып берді

Басты күдікті Денис Теннің өліміне қатысты мән-жайды айтып берді

Денис Теннің өліміне қатысты мән-жайды бүгін басты күдікті Арман Құдайбергенов сот алдында айтып берді. Оның сөзінше, жолдасы Нұралы Қиясов екеуі бір күн бұрын ақша табу үшін, автоайналарды ұрлауға сөз байласқан.  Сөйтіп 19-шы шілдеде Қиясов, Толыбаева үшеуі бірге ұрлыққа шыққан. Бірақ Толыбаева бұл туралы білмеген. Оны жақын маңайда қалдырып, Құдайбергенов Құрманғазы көшесінің бойында тұрған Лексус көлігінің бір айнасын шешіп алыпты. Екіншісін шешіп жатқанда Денис келіп қалып, оны қуа жөнелген. Стадионның қасына дейін қуып жетіп, екеуі төбелесе бастайды. Ол белдігін шешіп алып, спортшыны екі мәрте ұрған. Бірақ Денис дес бермепті.  Сол арада Қиясов жүгіріп келіп, оған  екі рет пышақ сұққан. Алғашында пышақ тиді деп ойламаған. Кейін Денистің қаза болғанын желілерден естіген. Олар екінші күні ұсталды. Арман Құдайбергенов Теннің отбасы және қазақстандықтардан кешірім сұрай отырып,  өз ісіне қатты өкінетінін мәлімдеді.

 

Atameken Business

фото: Stan.kz