Перейти к основному содержанию
12 Января 2019  25

Көше қылмыстарының көбі демалыс орындары әкімшілігінің жауапсыздығынан шығады

Көше қылмыстарының көбі демалыс орындары әкімшілігінің жауапсыздығынан шығады

Соңы адам өліміне әкеліп жатқан көшедегі қылмыстарға қаладағы көңіл көтеру орындары кінәлі. Нақты айтсақ, түнгі клубтар мен мейрамхана иелерінің жауапсыздығы себеп. Полицейлердің пікірі осындай. Тәртіп сақшыларының айтуынша 2018-ші жылдың өзінде ғана құқық қорғау органдарына Алматыдағы түнгі демалыс орындарынан 2 мың шақырту келіп түскен. Мұндай жерлерде кәмелеттік жасқа толмағандарға арақ-шарап кедергісіз сатылып, кейбірінде тіпті синтетикалық есірткі де саудаланатын көрінеді. Еске сала кетсем, өткен желтоқсан айының жиырма тоғызында Алматыдағы Сейфуллин және Абай көшелерінің қиылысында, Мерседес Гелендваген темір тұлпары Митсубиши Галант көлігін қағып, жолдың қарсы бетіне шығарып жіберген. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы қаза болды. Оның бірі – танымал актриса Шолпан Елегезекова. 

 

Atameken Business

 

 

Фото: Zakon.kz