Перейти к основному содержанию
13 Января 2019  32

Маңғыстау облысында жомарт жандар көп балалы отбасыға баспана сыйлады

Маңғыстау облысында жомарт жандар көп балалы отбасыға баспана сыйлады

Маңғыстау облысында көп балалы отбасыға аймақтың жомарт жігіттері екі бөлмелі үй сыйлады. Олар 7 баласымен пәтер жағалап жүрген жалғызбасты ананың жағдайына бей-жай қарай алмаған.

Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылынан 10 сотық жер сатып алып, екі бөлмелі үй салып берді. Баспаналы болған Людмила Смағұлова мен балаларының қуанышында шек жоқ. Олар қол ұшын берген жандармен және жаңа көршілерімен бірге қоныс тойын тойлады.

 

Фото: inaktau.kz