Нұр-Сұлтанда мемлекеттік бағдарламамен үй алған жас ұстаз ойымен бөлісті

542



Өткен жылдың соңында Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аясында астаналық 1050 жас тұрғын үйге ие болды. Пәтер иелерінің бірі, елордалық ұстаз Қымбат Ақшал мемлекеттік бағдарлама, берілген үйдің жай-күйі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс істейтін жастарға арналған жекешелендіруге құқығы жоқ жалдамалы тұрғын үй бағдарламасымен екі бөлмелі – 202, бір бөлмелі – 848 пәтер берілген болатын. Қазіргі уақытта тұрғындарды қоныстандыру үдерісі жалғасып жатыр.

«Тұрғын үй қоры» КММ мамандарының айтуынша, қаңтардың соңына дейін тізімде бар барлық азаматтар пәтер кілттерін алады. Сондай-ақ, мекеме тарапынан бір күнде 50-ге жуық пәтер кілті табысталып жатыр.

25 жасар елордалық жас ұстаз Қымбат Ақшал пәтер кілтін әкім қолынан алған жандардың бірі.

«24 желтоқсан күні салтанатты түрде кілт тапсырылып, 25 желтоқсанда жаңа үйімізге қоныстандық. Берілген үйіміз – екі бөлмелі, жалпы ауданы –  51 квадрат метр. Оның ішінде зал 19 квадрат метр болса, ас үй 10 квадрат метрді құрайды. Тұрғын үй 24 қабатты, пәтеріміз 3 қабатта. Бір қабатта 7 пәтер орналасқан. Шынымды айтсам, тұрғын үйді алушылар тізімінен өз есімімді көргенде бойымдағы қуаныш сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», - деді ол.

Қымбаттың отбасымен бірге елордаға қоныс аударғанына 6 жыл болған. Алғашқы 2 жыл туыстарының үйінде тұрса, қалған 4 жыл бойы жатақханадан пәтерді бірінші жылы 60 мың, одан кейінгі жылдары 40 мың теңгеге жалдап келген.

«Отбасымда 2 қызым бар, тұрмыс құрғанмын. Жұмыс өтілім – 5 жыл. Қазіргі уақытта №14 мектеп гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарамын. Елордаға Арқалық қаласынан 2014 жылы жұмыс бабымен қоныс аударып келген болатынбыз», - деп сөзін жалғады пәтер иесі.

Бағдарлама аясында жас ұстаз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі салымына айына 100 мың теңге аудару мүмкіндігі туғандығын айтты.

«Қазіргі кезде пәтерге коммуналдық қызметті қоспағанда 10 мың теңге төлейміз. Бұл жастарға берілген жақсы көмек. Енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотымды айына 100 мың көлемінде толтырамын деген ойдамын», - деді ол.

Айта кетсек, бағдарлама бойынша пәтерлер жаңадан соғылған 24 қабатты 5 тұрғын үйден берілуде. Пәтер құны коммуналдық қызметті қоспағанда 5 мың теңгеден 15 мың теңге аралығында болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -