Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдерін іске асыру

575



Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру аясында 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмектің (әрі қарай - АӘК) жаңа тәсілдерін іске асыру туралы айтты.

Баспасөз конференциясына Алматы Қаласы әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының басшысы Рахат Шимашева, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (әрі қарай - ӘКК) бірінші басқарма төрағасының орынбасары  Айдын Керімбек қатысты. 

Ескерте кетсек, «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашықтықты арттыру, әділдікті қамтамасыз ету және еңбекке деген уәждемені дамыту мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті бөлу тетігін түзетуді тапсырды. Негізгі қағида - мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсететін болады. 

АӘК-ң жаңа үлгісі қарастырады:

  • тоқсан сайын тағайындалған АӘК қайтарылымы;
  • АӘК мөлшерін отбасының барлық мүшелері үшін кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы орташа табыс арасындағы айырмашылық ретінде анықтау;
  • ұсынылатын жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан жағдайда еңбекке қабілетті азаматтарға қойылатын талаптарды күшейту;
  • бала күтімімен айналысатын аналарға бала үш жасқа толғанға дейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға құқық беру;
  • учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша АӘК алуға мұқтаж емес отбасыларға көмек тағайындаудан бас тарту негіздемесін заңнамалық тұрғыда бекіту және т. б.

Біріншісі-көп балалы әйелдерді жеке санатқа шығару және оларға жаңа кепілді жәрдемақыны беру.

Мемлекеттік төлем төрт және одан көп кәмелетке толмаған  баласы бар немесе күндізгі бөлімде оқитын студент 23 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға, олардың табысына қарамастан төлену жоспарлануда. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 10 625 теңгені құрайды. Сонымен, 4 баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы 42 500 теңгені құрайды; 5 балаға - 53 125 теңге, 6 балаға - 63 750 теңге, 7 балаға - 73 375 теңге.

Екіншісі - АӘК көрсетудің классикалық үлгісіне оралу.

Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа форматтағы АӘК алуға өтініштерді қабылдау әліпбилік тәртіппен жүзеге асырылады. Алматыда өтінішті қаланың әлеуметтік әл-ауқат басқармасының 8 аудандық бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығында тапсыруға болады.

АӘК өтініш берілген күнге қарамастан сұраныс түскен айдан бастап тағайындалады. Мысалы, өтініш 15 қаңтар немесе айдын соңғы күні берілсе, төлем толық бір айлық көлемде беріледі. Сондай-ақ, өтініш берушілердің барлығында тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе кемінде 6 ай мерзімге берілген уақытша тіркеу болуы тиіс.

Сонымен қатар, С.Тұяқбаев атап өткендей, жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан еңбекке жарамды мүшесі бар отбасыларға АӘК тағайындалмайтынын, сондай-ақ, балаларға да АӘК төлемі берілмейтінін атап өтті. 

Үшінші – кепілді әлеуметтік пакеттерді енгізу.

2020 жылдың 1 ақпанынан бастап аз қамтылған отбасыларға балаларды  қолдауды қамтамасыз ететін қосымша кепілді әлеуметтік пакет енгізілді. Бұл жиынтық физиологиялық ерекшеліктерді, тағамдық және энергетикалық құндылықтар мен жас мөлшері арақатынасын ескере отырып құрастырылған.

Әлеуметтік жиынтыққа:

- мектеп жасына дейінгі балаларға балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтар 

- мектеп жасындағы балаларға мектепте ыстық тамақ берілуі, мектеп формасы мен қерек-жарақтармен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жүрудің 50%-ын өтеу кіреді.

Алматы қаласында бағдарламаға жетекшілікті әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жүргізеді, ал операторы ӘКК болады.

 Сапарбек Тұяқбаев 2019 жылы Алматы қаласында осы бағытта жүргізілген жұмыстардың қорытындылары туралы хабардар етті және осы жылға арналған жоспарлар туралы әңгімеледі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 12 183 отбасына (62 454 адамға) 7 121,2 млн.теңге төленді. АӘК жаңа механизмі бойынша 50,4 мың адам кеңес алды, 15 455 отбасынан (77 112 адам) өтініш қабылданды.

«Өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа тұрғын үй алуға қол жетімділікті арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 661 көпбалалы отбасы тұрғын үй алды, оның ішінде демеушілік қаражат есебінен 10 пәтер алды. «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында көпбалалы отбасы 284 пәтермен қамтамасыз етілді», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Сонымен қатар, білім беру желісі бойынша көп балалы аз қамтылған отбасылардан шыққан 564 балаға (2 баладан бастап) балабақшаларда тамақтануға ақы төлеу жүргізіледі. Мектептерде 22 126 бала «жаппай оқыту» қорынан тегін тамақтанады. Қазіргі уақытта осы санаттағы балалар үшін мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 575 млн 276 мың теңге сомасында қосымша қаржыландыру қарастырылуда.  

Әкімнің орынбасары С. Тұяқбаевтың ақпараты бойынша, ағымдағы жылы «Бақытты отбасы» орталықтары мен «Іскер ANA» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасады. 500-ден астам көп балалы отбасы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

«Бақытты отбасы» Аз қамтылған отбасылар үшін әлеуметтік орталығына 5 692 отбасы барып, 3 686 бала әлеуметтік педагог қызметін ие болды. 776 адам заңгерлердің, 3 766 адам әлеуметтік қызметкерлердің, 1 166 адам медициналық қызметкерлердің, 567 адам психологтардың қызметтерін пайдаланды», - деп хабарлады әкімнің орынбасары С. Тұяқбаев.

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қаланың барлық аудандарында «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істеуде, онда 13 474 адам «ISKER ANA» базалық тренингтеріне (тұлғалық өсу, балаларды тәрбиелеу, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар), оқыту курстарынан 6900 адам өтті.


фото: Otyrar.KZ

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -