Үкіметтік комиссия мүшелері «Қарасу» шекара бекетіне барып, ондағы жағдаймен танысты

630



Бүгінде аталған бекеттегі жұмыс қалыпты. Азаматтардың өтуіне ешқандай кедергі жоқ. Көрші елден келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Шекара бекетінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов тұрғындарға сабырлық сақтап, арандатулардың ықпалында кетпеу керектігін жеткізді.

На изображении может находиться: 6 человек, люди стоят и борода

«Қарасу» шекара бекетінде адамдар жоқ, ал Қырғызстаннан келген адамдар кезегі «Ауқатты» пунктінде пайда болған. Бұлар - осыған дейін көршілес республикаға кетіп қалып, енді үйлеріне оралып жатқан қазақстандықтар.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и в помещении

Асқар Исабекұлы отандастарымыздан сабырлық сақтап, арандатулардың ықпалында кетпеуді сұрады. Сондай-ақ аймақ басшысы бұзылған барлық үйлерді қалпына келтірілетінін және отбасыларға көмек көрсетілетінін баса айтты.

На изображении может находиться: небо и на улице

Бүгінде аталған ауданда мамандар жұмыс істеп, шығындарды бағалауда. Сонымен қатар облыс әкімі Қырғыз Республикасына кетіп қалғандардың елге қайту керектігін баса айтты. Өйткені ауылдарда құқық қорғау органдарының күшінің арқасында тәртіп пен қауіпсіздік орнатылған. Айта кетерлігі, елге оралып жатқан қазақстандықтар шекарадан жеңілдетілген режимде өтіп жатыр.

На изображении может находиться: 7 человек, люди стоят и на улице

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -