Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының 5-отырысы өткізілді

782

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының жоғары деңгейдегі бесінші отырысы өткізілді.

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, костюм и в помещении

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, катарлық тарапты Катар мемлекетінің Сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед Аль-Кувари басқарды.

На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят и стол

Баяндамашылар ынтымақтастық жоспарын кеңейту, инвестиция тарту, жер қойнауы мен табиғи ресурстарды пайдалану, әлеуметтік нысандар салу және сыртқы экономикалық қазақстандық-катарлық байланыс әлеуеті мәселелеріне тоқталды. 

«Біз Катар мемлекетіне Таяу Шығыстағы маңызды әріптесіміздің бірі ретінде қараймыз. Жалпы, біздің мемлекеттеріміз дипломатиялық байланыстың 27 жылы ішінде өзара сенімге құрылған сындарлы диалог орнатып отыр. Қазақстан үшін Катар – уақытпен сыналған дос әрі сенімді әріптес», - деді Дәленов. 

Іс-шарадан соң, Катар өкілдері катарлық тараптың екі ел бизнесмендерінің тығыз байланысын орнатуға мүдделі екенін және бүгінгі отырыс екі мемлекеттің іскерлік ортасын жақындастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Бұл отырыс Катар мемлекетінің әмірі шейх Тамим бен Хамад Аль-Танидің Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 10-11 наурыздағы мемлекеттік сапары қарсаңында өткізілді.


 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -