ШҚО-да жемқорлыққа қарсы мониторинг түрлері түсіндірілді

693


Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин «ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталығында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларды анықтау бойынша 2019 жылғы жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындыларымен таныстырды.

Жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою, екі алдын алу құралымен – жемқорлық тәуекелдерін талдау және жемқорлыққа қарсы мониторинг арқылы жүзеге асырылады.

«Жемқорлыққа қарсы мониторинг жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың тиімді алдын алу тетіктерінің бірі болып табылады және елімізде әзірленіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың нақты жағдайға сәйкестігін қамтамасыз ету тәсілі болып табылады», - деп хабарлады брифингте Ж. Байділдин.


Спикердің айтуынша, ақпан айының басында жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізудің жаңа ережелері күшіне енді, заңнамаға сәйкес, ол екі түрге бөлінген – кешенді және тақырыптық.

Кешенді мониторинг Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері тоқсан сайынғы негізде жүргізледі.

Кешенді мониторингтің міндеттері: сыбайлас жемқорлық көріністеріне неғұрлым бейім салаларды айқындау, мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауын талдау болып табылады.

Бәрімізге белгілі, заңнамаға мемлекеттік органдар басшыларын бағыныштылар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға міндеттейтін норма енгізілген, бұл жұмысты орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік белгіленген.

Осыған байланысты, кешенді жемқорлыққа қарсы мониторинг мемлекеттік органның өзі алдын алу шараларын қабылдау үшін бағдар болуға тиіс. 

Жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг белгілі бір саладағы проблемалық мәселелерді зерттеуге, азаматтарымыздың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін «ауырсыну нүктелерін» анықтауға бағытталған. 

Мұндай тәсіл қоғамның толғандырған сұрақтарына дереу жауап бере отырып, қолды ұстап тұруға мүмкіндік береді, бұл мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ салатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға қатысты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларымен толық көлемде үйлеседі.

«Жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг жүргізу агенттікке де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілеріне де бекітілген. Заңға сәйкес соңғылардың қатарына барлық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады» деп қосты Департаменттің басқарма басшысы Р. Набиев.

«Кез келген ниет білдіруші, соның ішінде журналистер де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг жүргізіп, оны тиісті шара қолдану үшін, соның ішінде заңнамалық сипаттағы шаралар қабылдау үшін бізге жібере алады», - деп қорытындылады Ж.Байділдин.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -