Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

265



Кездесу барысында Елбасына Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуал және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын сапалы орындаудың маңыздылығына назар аударды.

– Экономикадағы ахуал жаман емес. Қазір «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын тиянақты жүзеге асыру маңызды. Орындалған міндеттер бар, бірақ ерекше мән беруді қажет ететін орындалмаған мәселелер де қалып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Асқар Мамин 2019 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізген экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері және ұлттық экономиканы одан әрі нығайту жөніндегі жоспарлары туралы мәлімет берді.

– Ел экономикасы тұрақты дамып келеді. Біз жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткіздік. 2019 жылдың нәтижесі бойынша ЖІӨ өсімі 4,5 пайызды құрады. Негізгі драйверлер – құрылыс, көлік, сауда, байланыс салалары, – деді Премьер-Министр.

А.Маминның баяндамасына сәйкес құрылыс саласының даму қарқыны 12,9%, сауда – 7,6%, байланыс – 5,2%, көлік – 5,1%, өңдеу саласы – 4,4%, тау-кен өнеркәсібі – 3,7% құрады. Ал халықтың табысы 5,5%, негізгі капиталға инвестициялар 8,5% өсіп, сауда айналымы 97 млрд долларды құрады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -