Қызылорда облысы: су тасқыны кезінде көмек көрсетеді

476



Қызылордалық құтқарушылар су тасу қаупі бар Солтүстік өңірлерге көмекке әзірліктерін көрсетті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Сырдария өзенінде су деңгейі төмен. Қауіп төніп тұрған жоқ.Солтүстік өңірлерде болуы мүмкін су тасқынымен күресуге Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті көмек қолын созуға әзір. Бүгінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар техникалардың, қондырғылар мен құрылғылардың дайындығын пысықтау мақсатында саптық қарау өткізілді.

Жұмылдырылатын 61 қызметкер, 6 бірлік техника, 5 қайық, 12 мотопомпа және топтың автономды түрде жұмыс жүргізу үшін азық-түлік және жанар-жағармай қоры дайын.




Саптық қарау барысында, Қызылорда облысы Төтенше жағдай департаменті бастығы азаматтық қорғау полковнигі О. Бержанов «Хабар 24» телеарнасына сұхбат беріп, су тасқыны қаупі бар аймақтарға көмекке әзірліктерін білдірді.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -