Киберқылмыс: кәсіпкер 200 мың теңгесінен айырылды

1346



Өскемен қаласының кәсіпкері ірі мөлшерде ұтысқа ие болғанына сеніп, алаяқтарға 200 мың теңгеден астам қаржы аударған.

“Вайбер” мессенджеріне бизнесмен аккаунтына 4700 доллар сомасында ақшалай қаражатты жеңіп алғаны туралы хабар келді. Ұтып алған қаражаттың транзакциясын жүзеге асыру үшін белгілі бір шотқа 200 мың теңге ақша аудару талап етілді. Жәбірленуші жақын жердегі сауда үйінен төлем терминалы арқылы ақшаны аударып жіберген. Тұрғынның сенім артқанын пайдаланып алаяқ оңай олжаға кенелген.

Сондай-ақ, киберқылмыстың құрбаны болған азаматша облыс орталығындағы емханалардың бірінің дәрігері. Оның ұялы телефонына белгісіз тұлғалар қоңырау шалып, оның банктік шотынан транзакция жасауға тырысатып жатқандығын хабарлады. Заңсыз жалған сауалнама жүргізіп, алаяқтар әйелден онлайн-банкингке қол жеткізу үшін барлық мәліметтерді алып, шотынан 400 мың теңге сомасындағы жинағын жымқырған.

Екі факті бойынша қылмыстарды ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қылмыстар көбінесе шет елден жасалады, олардың ашылуы өте күрделі және ұзақ уақытты алады.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға шақырады. Күмәнді хабарламаларға сенбей, жеке деректер мен мобильді банкингке қол жеткізу жөніндегі деректерді ешкімге бермеуді сұрайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -