Көлік полицейлері әуежай маңында адасып кеткен Қостанай қаласының тұрғының тауып үйіне жеткізіп салды

1253


Ағымдағы жылдың 05 ақпанында түнгі сағат 2.30 шамасында Қостанай қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне Қостанай облысының ПД Жедел басқару орталығынан әуежай маңында адасып қалған белгісіз ер адамның бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Қоңырау шалып, көмек сұраған азамат әуежай маңында тоңып, өзін жайсыз сезініп жатқандығынан хабардар еткен. Әуежайдың ұшу жолағының маңын желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жақсы білетіндіктен, автопатрульмен бірге іздеуге шығады. 

На изображении может находиться: текст

Нет описания фото.

Көмек сұраған азаматты тауып, жедел жәрдем шақыртып, дәрігер қарауынан кейін полицейлер оны үйіне апарып тастаған.

Кейін Қостанай қаласының 37-жастағы тұрғыны Симонов Николай Михайловичтен полицейлердің атына алғыс хат келіп түсті.

«Қостанай қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкері полиция аға сержанты М. Дощановқа және Қостанай қаласы ПБ қызметкерлері полиция аға лейтенанты Б. Шайжановқа, полиция сержанты М. Минуковқа шексіз алғысымды білдіремін. Қатты тонып қалғаныма байланысты жолымды жалғастыра алмай, адасып кеттім. Полицейлер өз кезегінде мені табу үшін барлық мүмкіндерін пайдаланып, жедел түрде көмек көрсетті. Менің өміріме қауіпті және экстремалды жағдайда маған көмекке келгені үшін полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді", - деп өз алғысын білдірді Н. Симонов. 


Ағымдағы жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментіне ондаған алғыс хаттар келіп түсті. Халық алғысына бөлену біз үшін жасап жатқан жұмысымыздың жемісі дейді полицейлер.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -