Бұзақылық жасаған бір топ азаматты пойыздан түсіріп алды

546


Көлік полицейлері Нұр-Сұлтан станциясындағы«Алматы- Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызында бұзақылық жасаған 
бір топ адамды ұстады.

Ағымдағы жылғы 18 ақпанда Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасына «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінің 26 жастағы жолсерігі шағымданып келді. Оның айтуынша, аталған пойыздың жүру жолында 9 адамнан тұратын жолаушылар
тобы алкогольдік ішімдік ішіп, дауыстап сөйлесіп, жолаушылардың тыныштығын бұзып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Құқықбұзушылар жолсеріктің ескертулеріне дөрекі жауап беріп, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер айтқан. Сөйтіп, қатты қорыққан жолсерік-әйел қызметтік купеге тығылып, поезд бастығы мен полицейлерді шақыруға мәжбүр болған.

Жолаушылар пойызында өздерінің лауазымдық міндеттерін орындап жүрген көлік полицейлерінің де жағасына жармасып, билік өкілдеріне күш көрсеткен.

Пойыз елордаға келгеннен кейін, құқық бұзушылар поездан түсіріліп, Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полицияның кезекші бөліміне жеткізілді.Аталған тұлғаларға тиісті хаттамалар толтырылды. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, ұсталған азаматтардың алкогольдік ішімдік ішкендіктері анықталды.

Факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (Билік өкiлiне қарсылық көрсетумен) байланысты бұзақылық фактісімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -