Полиция қызметкерлері карантиндік кезеңде көшелерді аралайды

586



Полицейлер
 тұрғындарды коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шаралары туралы ескертеді.

Карантин режимі кезінде азық-түлікке, дүкенге, медициналық мекемелерге, дәріханаға, жұмысқа немесе итпен серуенге шығудан басқа жағдайда сыртта жүрсе, карантин режимі бұзылған болып есептеледі. Ондай жағдайда полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттама толтырады.

Көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан астам жиналған топтық жиналыстарға тыйым салынды. Полиция департаменті енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеу ұйымдастырды.



Карантин режимін орындамау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке немесе 15 тәулікке дейін қамауға әкеледі.

Қазір полицейлердің басты міндеті азаматтардың денсаулығы үшін қауіп төндіретін тәуекелдерді азайту. Тәртіп сақшыларының өздері күн сайын вируспен күресте алдыңғы қатарда болып, көбіне өз денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан карантиндік режим талаптарын елемеуге болмайды. Бұл туралы полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жүргізушілерді  ескертті. Тәртіп сақшылары карантинді сақтаудың маңыздылығы туралы дауыс зорайтқыштар арқылы хабар таратады.

– Біздің басты мақсатымыз-сақтық шаралары туралы адамдарға көбірек ақпарат беру. Біздің қала қауіпті вирустың таралу қаупіне байланысты алғаш рет карантинге жабылып отырғандықтан, қазір түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Қарауылдау кезінде дауыс зорайтқышты пайдалана отырып, тұрғындар қазір қолданылып жүрген ережелер мен шектеулердің сақталуының маңыздылығына назар аудартамыз деп есептейміз, – деп полиция департаментінде атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -