Сотталғандар бет перде тігіп жатыр

1579



Ақтөбеде сотталғандар бет перде тігіп жатыр.

Елімізде коронавирус індетін (COVID-19) жұқтырғандар күн санап артып келеді. Осы жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты КА-168/2 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар қорғаныс бет пердесін тігуге кірісті.

ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасымен Ақтөбе облысы әкімінің қолдауымен КА-168/2 мекемесінің тігін шеберханасында сотталғандардың қолымен тігіліп жатқан бет перделер коронавируспен күресу бойынша профилактикалық іс-шаралар атқарып жүрген мемлекеттік орган қызметкерлеріне және түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандарға таратылады.

-Еліміздегі қиын жағдайды естіп отырмыз. Сол халықтың ішінде менің де отбасым, туыстарым бар.
Ел басына төнген қатер-барлығымызды алаңдатады. Қазіргі уақытта біздің қолымыздан келетіні-осы жұқпалы аурудың таралып кетпеуі үшін қорғаныс бет пердесін тігу. Сондықтан, Қазақстан азаматы ретінде қолымыздан келгенше үлес қосып жатырмыз.
Жұқпалы ауруға шалдыққандардың сауығып кетулеріне тілектеспіз,- дейді іс тігуді КА-168/2 түзеу мекемесінде үйренген Айбек (есімі өзгертілді) есімді сотталған.

Сотталғандарға бет перде тіккендері үшін жалақыны РМК “Еңбек- Ақтөбе” филиалы төлейді.

– Бет пердені Қылмыстық-атқару жүйесінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесіп, тігіп жатырмыз. Бет пердені тігуге қажетті матамен Ішкі істер министрлігі қамтамасыз етті.
Жалпы, елдегі жағдайдың түзелуі үшін сотталғандар барын салып, бет перделердің саны жағынан көп, әрі сапалы болуы үшін ауысым бойынша: күні-түні жұмыс істеп жатыр. Барлық бет перделер санитарлық талаптарға сай тігіліп, термоөңдеуден өткізіледі,- дейді РМК “Еңбек- Ақтөбе” филиалының шебері Мұрат Сейсенгалиев.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -