Перейти к основному содержанию
20 Февраля 2019  32

Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс зейнетақы түсімдерінен асып түсті

Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс  зейнетақы түсімдерінен асып түсті

2018 жылдың қорытындылары бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына бөлінген «таза» инвестициялық кіріс 917,10 млрд теңге болды, ол мөлшері 848,3 млрд теңге болған зейнетақы түсімдерінің көлемінен 8,1%-ға асып түсті.

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық кірістің жалпы сомасы 977,2 млрд теңгені құрады.

Инвестициялық кірістің негізгі көлемі қаржы құралдары бойынша сыйақы түріндегі кірістерге, сондай-ақ шетел валютасын қайта бағалаудан кірістерге тиесілі болды. Олардың үлесі тиісінше 56,8% және 40,3% болды.

2018 жылы инфляция деңгейі 5,3% мөлшерінде болған кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 11,3% болғанын еске саламыз. Нақты көрсетуде (инфляцияны қоспағанда) кірістілік  5,97%-ды құрады.

Қаржы құралдарын сатып алуды, сату мен өтеуді қоса алғанда, зейнетақы активтерін басқару нәтижелері, олармен жасалған мәмілелердің мәліметтері мен өлшемдерін қамтитын БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша барынша толығырақ ақпаратпен БЖЗҚ және Ұлттық Банктің сайттарында танысуға болады. Бұл ақпарат ай сайын жарияланады.

 

фото: Informburo.kz