МҚІА Мәжіліс депутаттарына мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты түзетулерді таныстырды

585



Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Владимир Божконың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

Іс-шара жұмысына депутаттармен қатар мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары қатысты.

Отырысты ашқан Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын ескере отырып, қаралып отырған заң жобасының өзектілігін атап өтті.

Заң жобасының мемлекеттік қызметті өткеру бөлігіндегі негізгі новеллалары туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов баяндады.

Атап айтқанда, заң жобасының негізгі ережелерінің қатарында «Дипломмен ауылға» жобасын ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тарату;

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервін қысқарту; Президенттің шешімі бойынша жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгілеу мүмкіндігі; арнайы тексеруді жүргізу кезеңін мемлекеттік қызмет өтіліне қосу; конкурстық рәсімдерді оңтайландыру; көп балалы ата-ана болып табылатын мемлекеттік қызметшілерді міндетті түрде ротациялаудан босату және басқа да ұсыныстар бар.

Сондай-ақ заң жобасында құқықтық коллизияларды жоюға, басқа заңдарға сәйкес келтіруге бағытталған нормалар қарастырылған. Мәселен, Агенттіктің қайта аталуын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» заңдарға тиісті түзетулер енгізіледі.

Бұдан басқа, Мемлекеттік қызмет туралы Заңның нормалары «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес келтіріледі.

Заң жобасымен 1 кодекске («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске) және 4 заңға («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы») түзетулер енгізіледі.

Баяндама аяқталғаннан кейін Мәжіліс депутаттары М.Дәуешовке бірқатар сұрақтар қойып, жауап алды. Олар: У.Қайназаров, Қ.Ержан, О.Өксікбаев, Ж.Жарасов, А.Құрманова, С.Қаныбеков, Е.Козлов, Б.Дүйсенбинов, И.Аронова, В.Олейник, Ю.Тимощенко, Б.Кесебаева.

Талқылау барысында депутаттар білдірген ұсыныстар мен ескертулер одан әрі Е.Бектұрғанов жетекшілік ететін жұмыс тобының отырыстарында қаралатын болады.



Суретті түсірген С.Майлыбаев

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -