Алматы облысында балаларды мектепке тасымалдауға 70 жаңа автобус сатып алынады

424



Алматы облысының мектептеріне саяжайлық массивтерден, шағын ауылдардан 15,7 мың бала тасымалданып оқытылады. Оларды таситын автобустардың тозығы жеткен, жиі бұзылады, соған қарай қауіпсіздігі толыққанды қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты облыс әкімі Амандық Баталов халық алдындағы есеп беру жиынында жаңа автобустар сатып алынатынын айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

- Балаларды мектепке тасымалдау үшін 70 жайлы жаңа автобустар сатып аламыз деп шештік. Оған бюджеттен 1 млрд. теңге қарастырылды. Тозығы жеткен автобустар 100% ауыстырылады, - деді А. Баталов. 

Сол сияқты облыс әкімі өз сөзінде қалалық және ауылдық мектептердегі білім беру жағдайларын теңестіруге жасалып отырған жағдайлар туралы да айтып өтті. Биылғы жылы кабинеттерге жаңа модификациялар сатып алу мен 50 ІТ-сынып ашуға 1,1, млрд. теңге бөлінген. Онда оқушылар робототехникамен, бағдарламалаумен, 3D модельдеумен айналысады. Мәселен, облыста өткен жылы білім сапасының көрсеткіші 65 % құраған. «Бірақ бұл жеткіліксіз, бұдан әрі де білім сапасын көтеруге жұмыс істеуіміз керек. Облыстық білім басқармасының жаңа басшысына осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын», - деді облыс әкімі. 

Жалпы білім саласында 10 қызмет автоматтандырылған. Соның ішінде балабақшаға кезекке тұру қызметі де бар. Атап өтсек, облыстағы балабақшамен қамту деңгейі 98,4 %, биылғы жылы 100 %-ке жетеді. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -