Атырауда дертке шалдыққан тағы алты адам анықталды

710


Облыс көлемінде қауіпті дертке шалдыққан жалпы саны 12 адам тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек,  дертті жұқтырған жетінші және сегізінші науқас  25 пен  50 жастағы екі әйел. 

Олардың  21 наурыздағы "Нұр-Сұлтан - Атырау"  бағытында келгені  анықталды. Аталған бағытта 27 наурыз күні коронавирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылған қыз  да  болған.  

Тағы екі адам  "Алматы-Атырау" рейсімен  келген 14 жастағы қызбен байланысқа түскен. Олар  1999 жылы дүниеге келген қыз бен жігіт, екеуі де студент. 

Ал, басқа екі адам - 1974 және 1973 жылы туған әйел адамдар, қалалық үшінші емхананың медицина қызметкерлері.

Қазіргі уақытта дертке шалдыққандар  оқшауланып, емделуге жіберілді. Жауапты органдар науқастармен байланыста болған адамдарды іздестіру үстінде.


Фото : pixabay.com
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -