Қазақстанның тоғыз қалаласында биологиялық қорғаныс бөлімшелері дезинфекциялау жұмыстарын өткізуде

529

Төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда мен Тараз қалаларында орналасқан құрылыс нысандары мен оларға қарасты аумақтардың Қарулы Күштері биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің әскери қызметшілері арнайы залалсыздандыру жұмысын атқаруда.

Әскери қызметшілерді жауынгерлерді жаппай жою қаруынан ұрыс алаңында қорғаумен айналысатын азаматтық қорғаныс жұмыстарына тарту – бұл қажеттілік болып табылады. ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғары Бас қолбасшысының тапсырмасына сәйкес дезинфекциялау жұмыстарының аумағы кеңейтіліп, биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің саны арттырылды.  

Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекциялау жұмысы қалай жүргізіліп жатқандығы туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тексерді. Әңгімелесу барысында ол әскери қызметшілердің Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен амандығын сақтауда атқаратын жұмыстары маңызды және ауқымды екендігін айта өтті.

«Әскерилердің ерекшеліктері – бейбіт кезде істері көрінбей, қиын кезеңде көмекке келетіні болып табылады», – деді Нұрлан Ермекбаев сапта түзелген сарбаздар мен сержанттарға өз назарын аударып. Елімізде қажетті шаралар жасалып, инфекцияға қатысты жағдай бақылауға алынған, бірақ біраз жинақталып, ұстамдылық таныту қажет.

«Сіздерге тек басшылықтың ғана емес, туған-туыс, дос және барлық қазақстандықтардың назары аударылып, құрмет, сенім және түсіністікпен қарауда», – деді министр.

Әскери қызметшілердің өздерінің денсаулықтарының қауіпсіздігі де аса мән беру керек. Бір жауынгердің ғана сырқаты бөлімшенің ғана емес, бүкіл әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Әскерилерге барлық санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптары қатаң сақталып, індеттің алғашқы белгілерін білу және олар анықталған кезде басшылыққа жедел түрде баяндау жөнінде ескертілді.

Әскерилердің физикалық белсенділікті ескеріп, жеке құрамның тамақтану рационын қайта қарастырып, денсаулықты қалыпты жағдайда сақтау үшін витаминдерді беруді ұйымдастыру тапсырылды. Әскери қызметшілердің күн сайынғы моншаға баруы, киімдердің арнайы құралдармен тазалап, жеке гигиена құралдарымен уақытылы қамтамасыз етулілері ұйымдастырылған. Жұмыс барысында әскери қызметшілердің далада көп уақыт өткізулеріне байланысты секторлар бойынша арнайы биодәретханалар мен әкімшілік ғимараттарға кіруге мүмкіндік беру мәселесі қарастырылуда.

Жұмыс ерітіндісінің дайындау әдісін сақтау тапсырылып, экологиялық зақым келтіруді жою тапсырылды. Дезинфекциялауға жататын нысандар мен аумақтарды толықтай өңдеу ескертілді. Одан басқа құралдарды ауыстыру мен жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі шешілуде.

Қорғаныс ведомствосының басшысы өз атынан әскери қызметшілерге қызметтері үшін, оның ішінде түнгі уақытта ауқымды қала нысандарын дезинфекциялауға, қала маңына жақын орналасқан ауыл аймағын арнайы өңдеу жұмысына қатысқандары үшіна алғысын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -