Алматы облысында көшет ұрысы ұсталды

431



Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері ұрланған 50 түп ағаш көшеттерін иесіне қайтарды.


Кезекші бөлімге Белбұлақ кентінің 42 жастағы тұрғыны, оның ауласынан 50-ге жуық сирек кездесетін ағаш көшеттерінің ұрлағаны туралы арызданған. Ол бұл көшет үлгілерін Польшадағы осы мәдениетті бағалаушылардан әкелген.

“Бір сағат ішінде күдіктіні ұстап, көшеттерді заңды иесіне қайтардық. Күдіктінің зардап шеккен азаматтың 55 жастағы ауылдасы екендігі анықталды. Ол бұл көшеттердің сирек, жоғары өнімді таңқурай түрі екенін біліп, өзінің жер учаскесіне отырғызу мақсатында әдейі ұрлағандығы белгілі болды”,- деп хабарлайды Талғар аудандық полиция басқармасының аға учаскелік инспекторы Сағи Нұрмаханов.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.

“Жұмыс барысында күнделікті түрлі қылмыстарды ашуға тура келеді, олардың басым бөлігін ұрлық деректері құрайды. Ұрланған мүлікті тапқан кезде ауыл азаматтарынан шын жүректен алғыс аламыз және бұл біз үшін жоғарғы марапат. Халыққа қызмет ету, біздің қасиетті борышымыз бен парызымыз”, – деп толықтырды Нұрмаханов.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -