Перейти к основному содержанию
16 Мая 2019  9

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Испаниядағы Елшісінің брифингі өтті

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Испаниядағы Елшісінің брифингі өтті

15 мамыр Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Константин Жигалов қазақстандық БАҚ үшін брифинг өткізді.

Брифинг барасында К.Жигалов өзара достық қарым-қатынастардың деңгейі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Король I-ші Хуан Карлоспен жемісті диалогы Ұлы Мәртебелі Король VI-шы Фелипемен жалғасып жатқанын және бұған Ұлы Мәртебелінің 2017 жылы Нұр-Сұлтанға жасаған сапары мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысуы дәлел болғанын атап өтіп, қазақстан-испандық ынтымақтастықтың жағдайы мен даму келешегі туралы әңгімеледі. Қазақстандық дипломат үстіміздегі жылғы шілдеде Қазақстан мен Испания арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толатынын айрықша атап өтті.

Елші екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына ерекше көңіл бөлді. Испания тауар айналымының көлемі бойынша Қазақстанның он ірі сауда серіктестерінің біріне кіреді. Тауар айналымы 2018 жылы 20%-дан асаға өсіп, 2,041 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 1,8 млрд., импорт – 179 млн.) құрады. 2005 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Испаниядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 205,5 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанда испандық қатысумен 66 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, олардың 42-і белсенді қызмет атқаруда.

Көлік инфрақұрылымы, жаңғыртылатын энергетика, қоршаған орта, агроөнеркәсіптік кешен, биотехнология, фармацевтика, құрылыс, инженерия, сандық технологиялар, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, автокомпоненттер өндірісі, автобөлшектер жасау, металл өңдеу және электротехника салаларында ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар.

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Испаниядағы Елшісінің брифингі өтті

Сонымен қатар, брифингке қатысушыларға бірқатар бірлескен жобаларды, ҚР-да қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын, Алматыдағы жеңіл рельсті трамвай (ЖРТ) салу, жаңғырмалы және дәстүрлі энергетика, мұнай-газ инфрақұрылымы, көтерме сауда орталықтарының жалпыұлттық желісін дамыту саласы, сондай-ақ медициналық жабдықтар өндірісін ашу, іске асырып және оларға қатысуды жоспарлаған бірқатар танымал испандық компаниялар туралы ақпарат берілді.

Елшіліктің бастамасымен Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-испандық үкіметаралық комиссияның (ҮАК) және «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Осылайша, өткен жылы Іскерлік кеңестің үйлестіру функциялары «Бәйтерек» холдингіне беріліп, жаңа перспективаларды ашуда. Былтырғы жылы Нұр-Султанда ҮАК пен Іскерлік Кеңестің кезекті отырыстары табысты өтті. Бизнес-ортаны жақсарту үшін құқықтық негізді дамытуда белсенді қадам жасалды. ҚР мен Испанияның қаржылық даму институттары арасында тең инвестицияландыруға, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және экспорттық операцияларды қолдауға жағдай жасайтын, ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттарға қол қойылды.

19-20 наурызда Мадридте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Көшербаев бастаған қазақстандық делегацияның қатысуымен «роуд-шоу» өтті. «Роуд-шоудың» бағдарламасында 80-ге жуық испандық компаниялардың қатысуымен қазақстан-испандық бизнес-форум және елдің ЖІӨ-нің 20%-дан астамын, сондай-ақ шет елге салынған инвестициялардың 50%-ын қамтитын, компаниялар мен банктерден құралған Испан экспорттаушылар мен инвесторлар клубының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Испаниядағы Елшісінің брифингі өтті

2019 жылғы 29 наурызда Мадридте Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенконың тең төрағалығымен өткен саяси консультациялар экономикалық күн тәртібімен толықтырылды. Саяси консультациялар шеңберінде Қазақстан мен Испанияның авиациялық биліктері арасында Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге алдына ала қол қоюылуы және тікелей рейстер ашудың құқықтық негізін қалайтын Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюылуы өтті.

К.Жигалов Испаниямен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты орнатудың маңыздылығын да атап өтті. Елшілік «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде түрлі жобаларды ілгеріту бойынша жұмыстарға, испан тіліндегі екі кітаптың алдағы тұсаукесеріне көңіл бөлді: «Қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасының антологиясына» және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына. Маңызды мәдени шаралардың қатарында 2018 жылы Қазақ әдебиеті және өнері орталығының ашылуы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің алғашқы концертін өткізілуі, 2018-2019 жж. Валенсиядағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Аққу көлі» балетімен гастрольдері, 2019 жылғы сәуірінде «Equus: Жылқы тарихы» атты деректі трилогиясының премьерасы, сондай-ақ қазақстандық азаматтардың қатысуымен өтетін басқа да іс-шаралар атап өтілді.

Сонымен қатар, Елші Қазақстанның Андоррамен ынтымақтастығы, соның ішінде тау-шаңғы туризмі саласы жөнінде, сондай-ақ ол ҚР-дың Тұрақты өкілі болып табылатын Дүниежүзілік туристік ұйымы ЮНВТО туралы әңгімеледі. Дипломаттың хабарлауынша, Португалияның астанасы Лиссабонда елорданың Әкімі Б.Сұлтанов Қалалар мэрлері мен ЮНВТО-ға мүше елдерінің туризм жөніндегі министрлері форумында Нұр-Сұлтан қаласын Қалалық туризм жөніндегі ЮНВТО-ның 8-ші Жаһандық саммитінің өтетін орны ретінде таныстырды. Бұл іс-шара 2019 жылы 7-11 қазан аралығында өтеді.

Баспасөз қызметі mfa.kz