Перейти к основному содержанию
15 Марта 2019  9

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығының келешегін талқылады

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығының келешегін талқылады

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мохаммад Фархад Азимимен кездесті. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

апрегн67г6рон

«Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестер шеңберінде Ауғанстанмен ынтымақтастық, екіжақты және көпжақты форматтағы қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты дамыту біздің қарым-қатынастарымызға оң әсерін тигізеді. Қазақстан көптеген жылдар бойы Ауғанстандағы бейбітшілік процесіне және қайта қалпына келуіне үлес қосып келеді», - деді Министр.

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың прогрессивті динамикасы, сондай-ақ өзара саудадағы көрсеткіштердің өсуі байқалады. Сонымен бірге, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті зор екендігі атап өтілді.

Қазақстан астықты және оның өнімдерін Ауғанстанға экспорттауға, транзиттік-көлік және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтуға, Ауғанстандағы теміржол және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ Ауғанстан азаматтарына арналған Қазақстанның білім беру бағдарламасын жалғастыруға мүдделі. Әскери-техникалық ынтымақтастық - екіжақты ықпалдастық аспектілерінің бірі болуы мүмкін.

Өз кезегінде, Ауғанстан елшісі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өз еліне назары үшін алғысын білдірді. «Біз Ауғанстанды дамытудағы Қазақстанның рөлін жоғары бағалаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі кезінде сіздің мемлекет Кеңес делегациясының Қабылға алғашқы сапарын ұйымдастырды. Біз ортақ шекаралардың жоқтығына қарамастан, Қазақстанды еліміздің жақын досы ретінде санаймыз», - деді М.Азими.

Ауған дипломаты өз елінің басшылығы атынан Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынастарды стратегиялық деңгейге көтеруге және бұл мақсатта тиісті келісімге қол қоюға мүдделік танытты. Елшінің айтуынша, Ауғанстан Өзбекстанмен және Түркіменстанмен ұқсас келісімдерге қол қойған.

Ауғанстанның бейбіт құрылысына үлес қосып жатқан қазақстандық университеттерде азаматтық мамандықтар бойынша білім алған ауған студенттерінің маңызды рөлі атап өтілді. Осыған байланысты ауған тарапы білім беру гранттарының санын көбейту туралы өтініш білдірді. 2010 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық жоғары оқу орындарында Ауғанстанның 1 мыңнан астам азаматы білім алады.

Ауғанстан Елшісі Ауғанстан аумағында екіжақты іскерлік байланыстарды дамытуға, сондай-ақ қазақстандық бизнестің Ауғанстандағы жобаларға белсенді қатысуына ықпал ете алатын, Алматы мен Қабыл арасында тікелей әуе рейстерін қайта жаңғыртуға мүдделі екендігін айтты.

М.Азими екіжақты сауданы тілге тиек ете отырып, Қазақстанның өңірдегі Ауғанстан үшін ең ірі сауда әріптесі екендігін атап өтті. Ауған биліктері қазақстандық компаниялардың Ауғанстандағы кен орындарын игеруге қатысуын қоса алғанда, бірлескен жобаларға барынша қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.

2018 жылы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 520,6 млн. долл. құрады, оның ішінде экспорт - 516,4 млн. долл., импорт - 4,2 млн. долл. Айта кетерлік жайт, Қазақстанның «Интегра» компаниясы 43 км «Герат – Хаф» темір жолын салу жөніндегі тендерді жеңіп алған болатын.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі