Перейти к основному содержанию
16 Апреля 2019  18

Алматыда жаяу жүргіншілерді автобус қағып кетті

Алматыда жаяу жүргіншілерді автобус қағып кетті

Қайғылы оқиға бағдаршамы бар, реттелетін көше қиылысында болған.

Екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты өткен кеште Достық даңғылы мен Юбилейная көшесінің түйіскен тұсында болды. Sputniknews.kz хабарлағандай, қоғамдық көлік Достық даңғылымен батыс бағытқа қозғалып бара жатқан. Реттелетін қиылыста екі жаяу жүргінші — әйел мен ер адам жолдан өтпек болады. Сол сәтте оларды бар жылдамдығымен келе жатқан автобус қаққан. Зардап шеккендер жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Двух пешеходов насмерть сбил автобус в Алматы

Мерт болған ер адам 52 жаста екен, ал әйел адамның еш құжаты болмаған. Жол полициясының қызметкерлері, криминалистика мамандары мен анықтаушылар болған оқиғаның жай-жапсарын тексеруде. Олар автобустың бағдаршамның қай белгісіне өткенін анықтауы тиіс.

Двух пешеходов насмерть сбил автобус в Алматы