Сағынтаев: «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту – қазақ елінің ұлы ойшылына тағзым»

704



2020 жылы кемеңгер ойшыл, ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің туылғанына 1150 жыл толуына байланысты мерейтойдың ашылу салтанаты Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында өтті. Ресми рәсімге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысып, сөз сөйледі.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев салтанатты шараның әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан орта ғасыр дәуіріндегі ұлы ойшыл, энциклопедист және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани мұрасын құрметтеу екенін атап өтті.

Бүгінгі күні жаһандану барысында ұлттың ең басты құндылықтары мен тарихи тұлғаларын жаңа қырынан танып, оларды жұртшылыққа кеңінен насихаттау аса маңызды.Бұл үдеріс тек рухани кемелдену арқы­лы, әл-Фараби, Яссауи, Абай сынды заманынан озып туған даныш­пандардың еңбектерін жаңаша бағалап, солар айқын­дап берген даңғыл жолмен жүру арқылы ғана жүзеге асады.

«Бүгінгі шараның басты себепкері – орта­ғасырлық ғұлама ойшыл, энциклопедист-ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани мұрасы әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан білімнің сарқылмайтын қайнар бұлағы. Елдігіміз бен интеллектуалдық әлеуетімізді әлем жұртшылығына паш ететін ғұламаның дәл қазақ топырағынан шыққаны біздер үшін зор мақтаныш. «Екінші ұстаздың» философиялық, логикалық, метафизикалық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылым салалары бойынша әлемдік ғылымға қосқан үлесінің теңдесі жоқ», - деді Б. Сағынтаев.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -