Инвестициялардан - аулақ?

824



Не себепті Қазақстан «аграрлы» мемлекет бола алмай қойды. 

Ауылшаруашылығы өндірісін дамыту Қазақстан үшін экономикалық басымдылық болып табылады. Саланың өсу драйвері бола алатындығы және болуы керектіг туралы бұрыннан айтылып келе жатыр.  Келешектер өте кең – елдің ауа-райы-климаттық ерекшеліктері агросектордың барлық бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді – өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, тыңайтқыштарды өндіру, және көптеген басқалары. 

Десек те, барлық қолда бар жағдайларға қарамастан, мемлекеттің өзі негізгі азық-түлік өнімдерінің – сүт, ет, көкөністер мен жемістердің өңделуін айтпағанда, жеткіліксіздігін сезінуде. Мемлекет тарапынан салаларды қолдау бойынша шаралар қабылдануда: бағдарламалар қабылданған, субсидиялар бөлінуде. Алайда «алға басу» әлі оын алған жоқ. Себеп, ауыл шаруашылық өндірушілердің өз пікірі бойынша, мемлекеттік қолдаудың жүйесіздігі болып табылады. 

Саланың мәселері туралы алғаш болып қазақстандық ұн тартушылар айтты. Бір қызығы, АӨК ерекше басымдылықтарды пайдаланбай-ақ өз еркімен дамыған, сыртқы нарыққа шығып журген секторы болып дәл солар болды.  Және қандай-да бір уақыт Қазақстан ұн экспорты бойынша әлемде көшбасшы орындарға ие болған. Бірақ, кейін сала құлдырай бастады. Осылайша, соңғы үш жылда, Ұн тартушылар Одағының бағалауы бойынша экспортқа тұрақты  2,3 млн тонна ұн жіберіліп отырды.  Бірақ, сонымен бірге, соңғы жылдары экспорттың айқын қайта ағуы белгіленді: егер бұрын жөнелтімнің үштен екісі Өзбекстанға келген болса, бүгін қазақстандық ұн тартушылар үшін бұл нарық жоғалған -  сауда кедергілері болған уақытта (акцизді салықты алғаш рет Өзбекстан 2011 жылы 10% мөлшерінде енгізген, 2012 жылы оны  15% дейін көтерген, және тек жақында ғана осы мөлшерлемені нөлге келтірілген), мемлекеттің өзінде сомалы қуаттылығы 1,5 млн. тоннадан кем емес жеке ұн тарту өндірісі құрылған. 

Біртіндеп Тәжікстанға да ұнның экспорты төмендеуде – сондай-ақ Тәжікстанның өзінің ішіндегі  «кіру ҚҚС» үшін. Өндірушілер бұған бірнеше рет ауыл шрушылығы министрлігінің назарын аударған, мемлекеттерге қатысты тарифтік емес реттеудің қарсы шараларын енгізуді сұраған  болатын, және жаңа сыртқы нарықтарға шығу туралы көмекті де сұраған. Адайда, нәтижесінде сала үш есе қысқартылды. 

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы министрлігі үшін басымдылықта, бірінші кезекте, ет бағытындағы мал шаруашылығы болды. Мал басын асыру, асыл тұқымды мал импортын субсидиялау жөніндегі бағдарламалар құрылды. Өршіл мақсат қойылған болатын - 2016 жылы 60 мың тонна ет экспорттау деген. Бұл мақсатты тек қана үш жылдан кеін ғана орындай алды - 2019 жылы Қазақстан осы көлемді экспорттады, бірақ, тек қана тепен ғана емес, тірідей малмен де. Ауыл шаруашылығы өндірушілері түсіндірді: асыл тұқымды төлдейтін малды олар мемлекет ішінде қалдырады, ал экспортқа көбінесе бұқалар кетеді. Неге экспортқа кетеді, неге Қазақстандағы қайта өңдеуге емес? Барлығы қарапайым - экспорт тиімдірек. 

«Сатып алушылар  тірі салмақтың килограмына 800-950 теңге төлейді, оны етке қайта есептеген кезде килограмына 1600-1800 теңге шығады. Ет комбинаттары біршама азырақ береді  (еттің килограмы үшін 1300 теңге, бұл тірі салмақта 650 теңге), сонымен бірге малды алып келу керек, содан кейін кепкеннен кейін соңғы салмағын тосу керек  (ад бұл салмақтың 2-3% жоғалту), тек содан кейін ғана төлемді алу», - деп түсіндіреді ет Одағының бас директоры Максут Бактибаев. 

Алайда, ауыл шаруашылығы министрлігі бұл үрдіске араласып,  ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін күтпеген жерден малды экспорттауға тыйым салуды енгізді.  Қоғам үшін бұл шара отандық қайта өңдеуші кәсіпорындарды толтыру қажеттілігімен және ішкі нарықтағы еттің  бағасын ұстап тұрумен түсіндірілді.  Өндірушілер түсіндірді: бағаға бұл әсер етпейді, бірақ үлен қаржылық шығындарға ұшырайтын фермерлердің өздері үшін соққы болады. Солай болды да: еттің бағасы өсуін жалғастыруда (2020 жылдың қаңтар айында өткен жылмен салыстырғанда  өсім 13% құрады), етті мал шаруашылығының шығындары, жай ғана есептегенде, шамамен 18 млрд теңгені құрады. 

Қазір ауыл шаруашылығғы министрлігі жаңа бастамамен шықты  - 2020 жылдың қаңтар айынан – тауарлық жұмыртқаны өндіруді субсидиялауды белгілеу. Және өндірушілердің өздеріне сол 2020 жылы хабарлады - пост-фактум. 

Айта кету керек, бірнеше жыл ішінде сала мемлекеттен субсидия алды - ішкі нарықта өткізілетін бір жұмыртқаға 3 теңге. 2019 жылы қолданыстағы жұмыртқа бағытындағы 32 құс фабрикасына төленген осындай субсидиялардың жалпы сомасы – 10 млрд теңгені құрады. 

2019 жылы алғаш рет өндірушілер елдің ішкі нарығының жұмыртқаға деген қажеттілігінің 100% қамтамасыз етті. Сондай-ақ 500 млн дана жұмыртқа экспортқа жіберілді. Министрлікте бұл жеткілікті екенін және сала қолдауды қажет етпейтінін жөн санады. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілерінің қауымдастығы мынаған сенімді: бұл шешім сала үшін құртқыш болады. 

«Субсидия алынып тасталған жағдайда 2020 жылы барлық шағын және орта құс фабрикаларының бір бөлігі банкротқа ұшырауы және өз қызметін тоқтатуы мүмкін, ал жұмыртқа өндірісінің жалпы көлемі шамамен екі есеге төмендейді (2019 жылы 4,5 млрд данадан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2-3 млрд данаға дейін). 2 мыңнан астам жұмыс орны қысқартылады. Сондай-ақ субсидияларды алып тастаудың тікелей салдары жұмыртқаның өзіндік құнын арттыру болады: бірден 15%. 2020 жылдың соңына дейін, біздің болжамымыз бойынша, өсім 40% дейін құрауы мүмкін. Бұл ретте объективті себептерге байланысты тез қымбаттаған қазақстандық өнімдер нарықта арзан ресей және беларусь өнімдерімен ығыстырылатын болады. Тиісінше, республика импортқа тәуелділікке қайта оралады», - делінген қауымдастықтың мәлімдемесінде. 

Бүгінде саланың барлық кәсіпорындары өздерінің бизнес-жоспарларын қайта есептеуге тырысуда, өздерінің инвестициялық бағдарламаларын қысқартуда және өндіріс көлемін, қызметкерлерді қысқарту5а дайындалуда. Кейбіреулер саладағы саясаттың болжамсыздығынан несие беруден бас тартуға ие болғанын мойындайды. 

Дәл осы болжамсыздық агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялардың келуі үшін үлкен кедергілердің бірі болып табылады. Қазақстанда EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының аналитигі Андрей Чеботарев белгілейді: мұндай тәсіл түбінде бизнесті тізе бүктіруі мүмкін. 

«Протекционизм және жергілікті өндірушілерді қолдаудың түрлі шаралары - бұл біздің әлемдегі құлдыраған жаһандану мен сауда соғыстарының тренді. Жергілікті компанияларға түрлі монетарлық және монетарлық емес преференцияларды беруде жаман ештеңе жоқ. Бұл, әрине, шетелдік инвесторларды қорқытуы мүмкін екенін ескеру керек, бірақ мұны болдырмау үшін жай ғана балансты есте сақтау жеткілікті. Не істеуге болмайды - өз пікірін күрт өзгертуге. Кеше қолдадым, ал бүгін жоқ. Кеше менде бизнесмендегі сияқты жеңілдік болды, ал бүгін, ал кейде тіпті кеше кешке оны менен алып қойды. Бұл бизнеске қаншалықты ауыр соққы екенін түсіну үшін үлкен өндіріс көзге көрінген процестер бойынша жұмыс істейтінін, онда әрбір бөлігі есептелінген, тіркелген және жоспарланғанын жай ғана ойлап қарау жеткілікті. Егер процестен тісті дөңгелектің біреуін бірден алып тастасаңыз-ол тоқтап қалады. Жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету шаралары-әрқашан тиімді нәрсе емес, бірақ кейбір салаларға ол шын мәнінде көмектесті. Қолдау мәңгі бола алмайтынын ұмытпаңыз-балаға арналған велосипедтегі қосымша доңғалақтар сияқты, ерте ме, кеш пе, ол тепе-теңдікті ұстауды үйренеді де, оларды алып тастайды. Ұқсастықты жалғастыра отырып-оларды кенеттен алып тастамайды, бала алғашқы он метр өткен соң оларды алып тастамайды, ал ол шын мәнінде жүруді үйренгеннен кейін ғана және сақтандыру оған қажет емес болғанда. Қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен болжамдылығы бизнеске мемлекет тарапынан қолдауды тоқтатудан түскен өз шығындарын түзетуге мүмкіндік береді. Мұнда екі негізгі сөз-ашықтық және болжамдық. Жай осылай «бүгін берді, ал ертең алып қалды» - өндірушіге де, мүмкін, процестердің шұғыл өзгеруі мен жаңаларын ретке келтіруге қосымша шығындар үшін төлемақы төлеуді жүктейтін ақырғы тұтынушыға да зиян болады. Өзіңе деген қамқорлық осы болғанығой - деп есептейді сарапшы.


фото: Inozpress
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -