Сарыарқа ауданында жаңа аурухана мен денсаулық орталығы салынады

256



Биыл елорданың Сарыарқа ауданы аумағында жаңа аурухана және отбасылық денсаулық сақтау орталығы салынады. Бұл туралы аудан әкімі Ерғали Егемберді тұрғындар алдында есеп беру кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қалалық әкімдік инвесторлармен бірлесе отырып, Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы аумағында жаңа аурухана тұрғызу жоспарлануда. Сонымен қатар «Үйдегі дәрігер» тұжырымдамасы да сәтті жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат – амбулаториялық орталықтың халыққа қолжетімді жерде болуы. Одан бөлек, өткен жылы №5 «Отбасылық денсаулық» орталығы ашылды. Ол өз кезегінде «Көктал-2»-нің 17 мың тұрғынын медициналық қызметпен қамтыды. Үстіміздегі жылы «Көктал-1»-ден 15 мың тұрғынды қамтитын тағы бір «Отбасылық денсаулық» орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылуда», – деді Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді.

Оның айтуынша, аудан көлемінде 26 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді.

«Бүгінде біздің ауданда 26 денсаулық сақтау нысаны бар. Оның 14-і – мемлекеттік мекеме. Ішінара айтар болсақ, 6 емхана және оның 4 филиалы, 1 перинаталдық орталық, ЖҚТБ-ға қарсы күрес орталығы, дерматология орталығы және 7 қалалық жекешелендірілген жедел медициналық жәрдем станциясы. 2019 жылы ауданымызда 8 264 сәби дүниеге келді», – деді ол.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -