Ақтөбеде жолда қалған 15 көлікке көмек көрсетілді

712



Патрульдік полиция қызметкерлері бір тәулікте 15-тен астам жолда тұрып қалған көлік жүргізушілеріне көмек көрсетті.

Қаңтардың 3-і күні Ақтөбе облысында боран басталып, көктайғақ болуда. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты трассалардағы патрульдер саны артты.

Ауа-райының қолайсыздығына және барлық шұғыл қызметтердің тыйым салғанына қарамастан, көптеген автоәуесқойлар алыс жолға шығуын доғарар емес.

«Самара-Шымкент» тас жолында полиция қызметкерлері Қырғызстан мемлекетінің 8 азаматы бар автомашинаға көмектесті. Олар Хромтау қаласында,ы арнайы жылытылған бекетте түнеп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Ресей Федерациясының Орынбор қаласына апаратын трассада, Саржансай ауылының маңында 7 автокөлік тұрып қалды, оларға да көмек көрсетіліп, Мәртөк ауылына дейін полиция экипажы алып жүрді.

Қазіргі таңда облыс жолдарында көктайғақ сақталуда.Дегенмен, жолдар ашық және полицейлер көлік тізгіншілеріне қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -