Перейти к основному содержанию
13 Января 2019  14

Маңғыстау облысында 21 тарихи қорым жаңартуды қажет етеді

Маңғыстау облысында 21 тарихи қорым жаңартуды қажет етеді

Маңғыстау өңірінде 21 тарихи қорым қайта жаңғыртудан өткізуді қажет етеді. Бұл жөнінде облыстық тарихи-мәдени қорық мамандары хабардар етіп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, ескерткіштердің көбі апатты жағдайда тұрған көрінеді. Бұл мәселенің көтерілгеніне бірер жылдың жүзі болды. Бірен-саран мекеме қызметкерлерінің ара-кідік өткізген тазарту сенбіліктері жеткіліксіз. Жәдігерлердің қасбетін әрлеп, қоршаулар орнатуға қомақты қаржы құю керек. Аймақтағы аудан әкімдіктеріне меценат азаматтардың көмегімен тарихи нысандарды қалпына келтіруді ұйымдастыру тапсырылды. Жалпы, Маңғыстау өлкесінде мемлекет қарауындағы 590 ескерткіш бар.

 

фото: aktau-business.com