Перейти к основному содержанию
13 Января 2019  16

Павлодар облысында 55 жолаушы мінген өзбекстандық автобус бұзылып қалды

Павлодар облысында 55 жолаушы мінген өзбекстандық автобус бұзылып қалды

Павлодар тас жолында Қалқаман ауылынан 30 шақырым жерде жолаушылар мінген «Van Hool» маркалы автобус бұзылып қалды.

Автобуста Өзбекстан Республикасының 55 азаматы болған, оның екеуі бала. Көлік Ташкенттен Красноярға бет алған болатын.