Интернет-қақпандар
Бүгінгі күні алаяқтар Интернетті белсенді түрде пайдалануда. Мысалы, онлайн-сауда саласында алаяқтар құрбаны болатын адаммен тікелей байланыс жасамайды. Алаяқ әлеуметтік желілерде қандай да бір тауардың сатылатыны туралы хабарландыру береді. Сатып алушыға заттың бағасы алдын ала 100 пайыз төленгеннен кейін ғана жеткізілетін айтады. Аңқау клиенттер тауарды ды да, ақшаны да алмайтынына күмәнданбастан, ақшаны аударады.
Егер Сіз:
· Шоттарыңызда күмән тудыратын белсенділікті байқасаңыз;
· Шоттарыңызға қашықтан қол жеткізе алмасаңыз;
· Картаңызды қызмет көрсетуге қабылдамаса;
· Кредит тарихыңызда өзіңіз ресімдемеген қарыздарды анықтасаңыз, тез арада қызмет көрсететін банкіңізге хабарласыңыз.
Автомобиль сату кезіндегі карточкалармен жүргізілетін айла-шарғылар
Алаяқтар арнайы сайттардағы автомобильдерді сату туралы хабарландыруларды іздейді және ортадан жоғары бағадағы машиналарды таңдауға тырысады. Телефонмен болатын әңгіме дайын сценарий бойынша құрылады: сатушыға әлеуетті сатып алушы хабарласады, автомобильді сатып алуға дайын екенін айтады, бірақ ол басқа қалада сияқты болғандықтан, ақының бір бөлігін алдын ала жіберуді ұсынады.
Банктік шот туралы деректер жіберілгеннен кейін қаскүнем сатушыға телефон соғып, жәбірленушінің телефонына қандай да бір операциялар бойынша SMS түрінде келетін растау кодын, сондай-ақ басқа дербес деректерді (жеке басы куәлігінің деректері, карталардың құпия нөмірлері және т.б.) айтып беруін сұрайды. Бұдан кейін тағы да мобильді банкинг арқылы картадағы барлық қаражат жалған шоттарға не электрондық әмияндарға аударылады.
Өз карточкаларыңыз бен дербес деректеріңіз туралы ақпаратты қажеттілік болмаса ешкімге айтпаңыз және мәмілелерді жеке кездесу кезінде ғана жасаңыз.
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын алаяқтық
Мәселен, алаяқтар төмен бағамен кепілде тұрған пәтерді сатып алуды ұсынады, алайда оның құнын бір мезгілде төлеу шартын қояды. Бұл ретте, жасалған сатып алу-сату шарты сатып алушыға тұрғын үйді иеленуге кепілдік бермейді. Алаяқтық жасаудың тағы бір түрі - өте тиімді ұсыныспен алдын ала төлем жасап, интернет арқылы пәтер сатып алу. Алайда, сатып алушы алдын ала төлемді енгізгеннен кейін «сатушыны» табу қиынға соғады. Кейбір жағдайларда алаяқтар пәтерді жалға алып, көңілшек сатып алушыға сол пәтердің иесі түрінде танысып, тұрғын үйді сатады. Көп жағдайда алаяқтар тез пайда табу үшін «құрбанына» жылжымайтын мүліктің иесі болу үшін алдын ала төлемді дәл қазір төлеуді талап етеді.
«Заңсыз» кредиттер
Бұл жағдайда тұтынушылық қарыздарды тікелей екінші деңгейдегі банктен кредит ресімдеу қажет етілмейтін өнімдерді сатып алу үшін ресімдеу туралы айтылмайды. Алаяқтар әлеуетті клиент туралы көп ақпарат жинаған сайын, оларға қарыз алу оңайырақ болады.
Егер құжаттарыңыз жоғалған болса, шұғыл түрде:
· ХҚКО-ға хабарласыңыз, онда сіздің жоғалған құжаттарыңыздың күшін жойып, тиісті анықтама береді;
· ішкі істер органдарына құжаттардың жоғалғаны туралы өтінішті бере отырып хабарласыңыз, онда сізге өтініштің берілген уақыты мен күні көрсетілген ресми анықтама беріледі. Осылайша, болашақта сіз қарыз алмағаныңызды дәлелдей аласыз.
Алаяқтар тағы қандай әдістер қолдана алады?
Жоғалған құжат бойынша ұялы телефон нөмірін басқа адамға ресімдеу. SMS немесе өзге ұялы телефонға келіп түсетін сәйкестендіру нөмірі арқылы келісім беруді талап ететін кредиттік ұйымдарда алаяқтар қарызды ресімдей алады, қарызды ресімдеу зардап шеккен азаматтың жеке куәлігімен ғана емес, сонымен қатар оның атына ресімделген ұялы телефон нөмірі арқылы да расталатын болады.
Осыған байланысты мобильдік байланыс операторларынан сіздің атыңызға ресімделген өзге нөмірлердің болуын жүйелі түрде тексеріп отыру қажет.
1) Азаматтың мынадай жеке деректерін алдап алу: құжаттарының көшірмелерін, телефон нөмірлерін, оның ішіде туыстарының және тұрғылықты мекенжайларын. Ол үшін жалған рекрутингтік агенттіктер немесе жұмыс ұсынатындай болып қарапайым ұйымдар құрылады. Ресімдеу кезінде олар азаматтардан құжаттардың толық топтамасын талап етеді, оны одан әрі алаяқтық іс-әрекеттер жасау үшін басқа адамдарға береді.
Әлеуетті жұмыс беруші туралы ақпаратты алдын ала тексеру және құжаттар мен жеке деректерді шарт жасағаннан кезде ғана беру қажет.
2) Қашықтан сәйкестендіруді растаған сияқты телефонмен сөйлесулерді жазу. Бұл ретте алаяқтар құрбандарына қоңырау шалады және сұрақтардың барынша ықтимал санын ұсынады, оларға «иә», «келісемін», «растаймын» деп және басқа да жауап беруді сұрайды. Одан әрі жазып алынған әңгіме, дәлірек айтсақ жауаптар қарыз алу ниетінің дәлелі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Сондықтан, егер сіз әңгімелесушіге сенімді болмасаңыз, онда онымен әңгімелесуді тоқтатыңыз және біржақты жауаптар бермеңіз.
Алаяқтық схемалар жөнінде күдік туындаған немесе анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну маңызды, себебі алаяқтарды іздестіру және жауапкершілікке тарту олардың құзыретіне жатады.
Егер алаяқтық фактісі анықталса, кредиттік ұйым куәліктің иесіне ресімделген қарызды жояды және егер жеке басы анықталса, алаяқтан қаражатты өндіріп алу процесін бастайды.
Сақ болыңыз!
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін өз құжаттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз, тауарларды немесе қызметтерді жалға алу үшін құжаттарыңызды кепілге бермеуге тырысыңыз.
Ешқашан және қандай жағдай болмасын бейтаныс адамдарға өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттарыңыздың көшірмесімен қоса жеке деректеріңізді айтпаңыз және жібермеңіз.
Дербес ақпаратты беру талап етілетін күмәнді интернет-конкурстарға және лотереяларға қатыспаңыз.
Төлем карточкаларының деректемелерін ешқашан, оның ішінде әлеуметтік желілерде де жарияламаңыз.
«Жалған» қарыздардың бар-жоғын қадағалау үшін өзіңіздің кредит тарихыңызды үнемі тексеріп отырыңыз.
Банктердің шын өкілдері шоттар мен банктік карталардың деректемелерін, PIN-кодтарды, CVV-кодтарды және басқа да конфиденциалды ақпаратты хабарлауыңызды ешқашан сұрамайды, себебі оларда өз банктерінің тиісті базаларына кіру рұқсаты бар. Егер сізден мұндай ақпаратты сұратып отырса, бұл туралы өз банкіңіздің жедел желісіне хабарлаңыз, сондай-ақ сізге қызмет көрсететін банктің жақын арадағы бөлімшесіне жүгініңіз.фото: Global Banking & Finance