Қытайдың Орталық банкі 10 млрд юаньға кері РЕПО операцияларын жүргізді

18602

Қытайдың орталық банкі бейсенбіде банк жүйесіндегі өтімділікті қолдау үшін 10 млрд юаньға (шамамен 1,55 млрд АҚШ доллары) кері РЕПО операцияларын жүргізді.

 Жеті күндік кері РЕПО-ның пайыздық мөлшерлемесі 2,2 пайыз деңгейінде белгіленді, делінген Қытай Халық банкінің сайтындағы хабарламада.

 Кері репо - бұл орталық банктің коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды аукцион арқылы болашақта оларды кері сату келісімімен сатып алу процесі.

 Қытай экономиканың нақты секторына, әсіресе микро, шағын және орта кәсіпорындарға қаржылық қолдауды көбейтеді, деп сәрсенбіде Мемлекеттік кеңестің атқарушы отырысында шешім қабылданды.

 Осы мақсатта ел банктер үшін міндетті резервтер нормасын тиісті уақытта төмендету секілді ақша-несие құралдарын қабылдайды, деп отырыста айтылды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -