Психотроптық заттарды алып өтпек болған Грузия азаматы сотталды

484

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, Грузия азаматы ҚР ҚК-нің 286-бабының 4 б. (айналыстан алып қойылған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және 296-бабының 4 б. (есірткі, психотроптық заттармен, ол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс жасау) бойынша кінәлі деп танылып, 11 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті осы тұлғаның. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан үлкен көлемде заңсыз психотроптық заттарды, атап айтқанда метилендиоксиметамфетамин (МДМА, Экстази) дәрісін өзінің жеке пайдалануы үшін алып өтпек болғандығын анықтады.

«Франкфурт-Москва-Шымкент» трансферлік әуерейсіне тіркеуден өту кезінде рәсімдеу үшін тапсырған аталған азамат жүгін тексеру нәтижесінде заңсыз 6 дана экстази дәрісінің бар екендігі анықталған.

Тәркіленген есірткі заттары жойылып, Грузия азаматына қатысты сот үкімі өз күшіне енді.
 



Фото: pixabay.com

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -