Перейти к основному содержанию
6 Июня 2019  6

ҚР президенті әкімдіктердің жұмысын жол сапасына қарай бағалайды

ҚР президенті әкімдіктердің жұмысын жол сапасына қарай бағалайды

Атырау облысының халқымен кездескен мемлекет басшысы тұрғын үй және экология мәселелерін шешу мен көлік инфрақұрылымын дамытудың қажеттігін айтты.

Ақорда сайты хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев жақсы жолдың ең алдымен адамдардың баратын жеріне жылдам әрі қауіпсіз жетуіне мүмкіндік беруі тиіс екенін айтты.

— Жолдардың саны емес, сапасы маңызды! Мен әкімдік жұмысын осы талапқа сай бағалайтын боламын. Мысалы, қазір Индер мен Миялының арасындағы 120 шақырымды еңсеру үшін бес сағатқа жуық уақыт кетеді, ал жөндеу жұмыстары жүргізілген соң бұл сапарға тек бір жарым — екі сағат жұмсалады, — деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев біраз уақыт бұрын Қазақстанда ең жақсы автожолдар төселген деп мәлімдеген болатын.

 

Kolesa.kz