Перейти к основному содержанию
18 Мая 2019  9

Мерке — Бурылбайтал тас жолы 2022 жылы жөнделмек

Мерке — Бурылбайтал тас жолы 2022 жылы жөнделмек

Тәтті, Шу және Бірлік елді мекендері арқылы өтетін жолға жаңа асфальт төселеді.

262 шақырымға созылған Мерке — Бурылбайтал (А-358) жолы Астана — Қарағанды — Балқаш — Алматы (М-36) тас жолының бір тармағы болып табылады. Сонау кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген трассаны жергілікті тұрғындар мен алысқа қатынайтын жүргізушілер талай сынаған.

Привести в порядок дорогу Мерке – Бурылбайтал обещают к 2022 году

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жолды жөндеу жұмыстары биыл басталыпты. Мұнда тозуға төзімді қиыршықтасты-мастикалық асфальтты бетон төселеді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында тас жол төрт бөлікке бөлінеді: Меркеден Шуға дейінгі 86 шақырым 4 жолақты қозғалысқа ие I техникалық категорияда, ал Шудан Бурылбайталға дейінгі 176 шақырымды алып жатқан қалған үшеуі екі жолақты II техникалық категорияда болады. Сонымен қатар, мұнда 6 көпір, теміржол арқылы өтетін жол өткелі, 11 жарықтандырылатын жолайрық, 276 су жүргізу құбыры, демалыс алаңдары мен автопавильондар салынады. Жөндеу жұмыстары 2022 жылдың маусым айында толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Kolesa.kz