ҚР Әскери-теңіз күштері арнайы тактикалық оқу-жаттығудың жауынгерлік міндеттерін пысықтады

827

 

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штаб бастығының басшылығымен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің арнайы тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды.

Оқу-жаттығу мақсатқа сәйкес үш кезеңде өткізілді.

Бірінші кезеңде ҚР ҚК ӘТК құрамалары мен бөлімдерін жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру мәселелері пысықталған болатын.  

Екінші кезеңде басқару органдарының және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жеке құрамдары арнайы міндеттерді орындау аймақтарына жіберілді.

Үшінші кезеңде әскери қызметшілер корабельдік-тактикалық топтары және ҚР ҚК ӘҚК армия авиациясы тығыз байланыса отырып, теңіздік операциялар бағытында, «БАТЫС» жедел қолбасшылығы өткізетін орта қарқынды операциялар аясында, шартты қарсыластар объектілерінде,  әскери-барлауды, диверсиялық іс-қимылды жүргізу мәселелері бойынша практикалық дағдыларды жетілдірді.

Арнайы тактикалық оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша жүктелген тапсырмалардың бәрі толық деңгейде орындалып, көзделген мақсатқа қол жеткізілді.



Баспасөз қызметі КР КМ

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -