Есірткісіз қоғам: граффити жазулары өшірілді

1200



Маңғыстаулық полицейлер ерікті жастармен бірге граффити жазуларды өшірді.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы Ақтау қаласы «Арман» жастар орталығының ерікті жастарымен бірге қала аумағындағы граффити жазуларды өшіруде.

Мақсаты — есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау.



Қала үйлерінің, ғимараттардың жанында орын алған бұл жазуларда интернет сайттар арқылы заңсыз есірткі заттарын таратушының мекен-жайлары жарнамаланған.

5 шағын ауданның тұрғыны жастардың бұл игі істерін қолдап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Полиция департаменті жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырады. Дені сау ұрпақ — жарқын болашақ!
 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -