Яндекс.Такси Нұр-Сұлтан қаласында «Жеткізу» қызметін іске қосты

715



Нұр-Сұлтан қаласында Яндекс. Таксидің «Жеткізу» жаңа қызметі пайда болды. Шағын сәлемдемені қаладағы адресатқа тез жіберу қажет болған жағдайда, осы қызмет кәдеңізге жарайды. Қызмет ақысын картамен, Apple Pay немесе Google Pay-мен төлеуге болады.

Нұр-Сұлтан қаласында осы қызметтің ең төмен бағасы 570 теңгені құрайды, оған сапардың алғашқы 3 минуты мен 3 километрі кіреді. Мысалы, «Абу-Даби Плаза» кешенінен «Хан шатыры» ойын-сауық және сауда-саттық орталығына дейін шамамен 660 теңге болады. 

«Жеткізу» қызметін пайдалану үшін алушының нөмір телефонын көрсету қажет. Алушыға сайтқа сілтеме жасалған смс хабарлама келеді. Одан бағыт бойынша автомобильдің қозғалысын бақылауға болады. Сәлемдемені беріп жіберу үшін оны машинаға дейін әкеліп, көлік жүргізушіге табыстау қажет, ал алушы автомобиль келіп жеткен кезде шығып алуға тиіс. Сонымен бірге Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына 250 теңге тұратын «Есіктен есікке дейін» опциясы қолжетімді. Егер оны қалауыңыз бойынша таңдап алсаңыз, онда көлік жүргізуші затыңызды өзі келіп алып кетеді де, айтқан пәтеріңіздің немесе кеңсеңіздің есігінің алдына дейін жеткізіп береді.

Затты беріп жібермес бұрын конвертке, қорапқа немесе пакетке орау қажет. Сәлемдеме машинаға сиятындай болуға және 20 килограмнан аспауға тиіс. Мысалы, көлік жүргізушілері арқылы чемодан, гүл, құжат, заттар салынған пакет беріп жіберуге болады. Ал велосипед, кір жуғыш машина, торшер сияқты заттарды беруге болмайды. 

Қызметті Яндекс. Такси серіктестерімен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан, тексеруден өткен және көп тапсырыс орындаған көлік жүргізушілері көрсетеді. Бұдан басқа олар арнайы курстан өтеді, курста оларға қызметтің қалай жүзеге асырылатыны және күрделі жағдайларда не істеу қажеттігі айтылады. Мысалы, егер адресат сәлемдемені ала алмаса немесе оны алу үшін машинаға шықпаса. Оқудан өткен соң көлік жүргізуші тест тапсырады, сәтті өткен жағдайда тапсырыс алуға рұқсат алады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -